• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ашық сабақ "Ақуыз биосинтезі"

2023-10-16 | Жаңалықтар

11.10.2023ж. сағат 11:15-те 111 оқу аудиториясында 6В01510-Биология ББ 4 курс білім алушыларына жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Р. А. Садықова "Ақуыз биосинтезі. РНҚ транскрипциясы" тақырыбында молекулалық биология пәні бойынша ашық дәріс өткізді. Дәріс барысында прокариоттар мен эукариоттардағы иРНҚ транскрипциясы мен процессинг кезеңдері мен молекулалық механизмдерін көрсететін проблемалық есептер, бейнематериалдар және презентациялар түрінде оқытудың белсенді әдістері қолданылды. Дәріс оқушылардың ДНҚ репликациясы мен РНҚ транскрипциясы механизмдерін салыстыра отырып, Венн диаграммасын топтық толтыруымен бекітілді.

Бөлісу