"Тәуелсіздік-Тұғырым"
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау, халқымыздың азаттықа жету жолындағы ерлік күресі мен ұзақ жылдарға созылған тартыстың нәтижесі- Тәуелсіздік алып, еркін, азат халық болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр!
Соған орай, 14.12.2023ж. Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасында География-Тарих мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік-Тұғырым" атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында:
1.Тарихи маңызы зор осы Тәуелсіздігімізге, еркіндігімізге жетудің кілт көзі-1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, қазақ жастарының көтерілісі атты көріністі қойып, көрермендер назарына ұсынды.
2. Қазіргі жастардың бойына сол бір таңдағы қазағымыздың басынан кешірген жантүршігерлік жағдайын, қиын-қыстау кезеңін жеткізе алды.
Жалпы бұл іс-шараның мақсаты студенттердің патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеуді негіздейді