
Далалық ғылыми зерттеу жұмыстары
Химия және биология кафедрасының оқытушылары Хромов В.А., Полевик В.В. және 1 курс магистранттары Баратова А, Нүркенқызы Ұ. Қалбатау жотасының батыс сілемдерінде орналасқан Дельбегетей шатқалына далалық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ғылыми экспедиция “Шәкәрім университетінің агробиолабораториясының аумағындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерінің биоалуантүрлілігі және жерсіндірілуі” атты магистрлік диссертация аясында ұйымдастырылды. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты – сирек кездесетін өсімдіктерді табиғи өсіп тұрған жерінен қазып алып, оларды әрі қарай зерттеу үшін Агробиолаборатория жағдайына жерсіндіру болды. Далалық зерттеу барысында бірнеше сирек кездесетін өсімдіктер түрі тандалып, агробиолаборатория аумағына жеткізіліп, арнайы учаскелерге отырғызылды. Қазіргі уақытта бұл өсімдіктерде бейімделу кезеңі жүруде.