Білім беру бағдарламалары
6B01508 - Химия
B012 Химия мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
2022 жыл - репрезентативті емес деректер
Жаратылыстану-математикалық факультетінің жаратылыстық -ғылымдар пәндері оқу кафедрасы «6В01508 Химия» білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүргізуде.
«Химия» білім беру бағдарламасына бакалаврларды дайындау жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу түрінде, қашықтықтан оқыту - жоғары білім негізінде жүргізіледі. Күндізгі бөлімге дайындық мерзімі - 4 жыл, қашықтықтан оқыту - 2 жыл.
Оқу аяқталғаннан кейін «Химия» білім беру бағдарламасының түлектеріне «6В01508 Химия» білім беру бағдарламасы бойынша - білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Бакалаврларды дайындаудың білім беру оқу үрдісінің толықтығының негізгі критерийі - теориялық оқытудың кемінде 205 кредитті меңгеруі, сонымен қоса 25-тен кем емес тәжірибелік кредиттер (оқу/ғылыми жұмыстың басқа түрі), 12- ден кем емес кредит дипломдық жұмыстың (жоба) жазылуы мен қорғалуына немесе кешенді емтихан дайындығына және тапсыруына беріледі. Барлығы 242 кредит.
4 жыл
Бакалаврларды дайындаудың білім беру оқу үрдісінің толықтығының негізгі критерийі - теориялық оқытудың кемінде 205 кредитті меңгеруі, сонымен қоса 25-тен кем емес тәжірибелік кредиттер (оқу/ғылыми жұмыстың басқа түрі), 12- ден кем емес кредит дипломдық жұмыстың (жоба) жазылуы мен қорғалуына немесе кешенді емтихан дайындығына және тапсыруына беріледі. Барлығы 242 кредит.
4 жыл
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік«6В01508 Химия » білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі химия мұғалімі; оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде зертханашы; оқу шебері; оқу орындарындағы лауазымды тұлғалар (оқу орнының директоры, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және т.с.с) білім беру ұйымдарында әдіскер; ғылыми-зерттеу мекемелерінде педагогика ғылымдары аймағының маманы;
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы ғылыми-зерттеу мекемелері; Орта мектептер мен орта кәсіптік оқу орындары; мемлекеттік білім беру бөлімдері ; өз жұмысында химияны оқыту әдістемесін пайдалана отырып, әртүрлі жеке меншік нысандарын ұйымдастыру.
-
Кәсіби қызмет нысаны ғылыми-зерттеу мекемелері; Орта мектептер мен орта кәсіптік оқу орындары; мемлекеттік білім беру бөлімдері ; өз жұмысында химияны оқыту әдістемесін пайдалана отырып, әртүрлі жеке меншік нысандарын ұйымдастыру.
-
Кәсіби қызмет түрлері Химияны оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикалық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; Жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру; үйымдастырушы-басқарушылық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-тәрбиелік.