Білім беру бағдарламалары
6B01510 - Биология
B013 Биология мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
2022 жыл - репрезентативті емес деректер
2023 жыл - 2 орын
6В01510 - Биология білім беру бағдарламасы "Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті" КеАҚ жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, химия және биология кафедрасында жүзеге асырылатын аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып әзірленген және білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесін білдіреді.
Бағдарлама жоғары оқу орнының басты миссиясы – Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру бойынша Халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі университеттің жетекші рөлін қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру бағдарламасы 6В01510 - Биология қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің, педагогикалық колледждердің, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі білім беру мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім мен құзыреттілікке ие жоғары білікті биолог мамандарды даярлауға бағытталған.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Мақсаты
Биология ғылымдарының қазіргі заманғы бағыттары мен биологияны оқыту әдістемесі саласында теориялық және практикалық білімі бар, алған құзыреттіліктерін педагогикалық қызметте қолдануға қабілетті биология пәнінің мұғалімдерін даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В01510 - Биология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПедагог. Орта мектеп мұғалімі
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы- орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология мұғалімі; - білім бөлімдері, әкімдіктер, көгалдандыру, экология жөніндегі ұйымдар; - ғылым-әртүрлі биологиялық бейіндер бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары; - өз жұмысында биология әдістерін қолданатын әртүрлі меншік түріндегі ұйымдар; - мемлекеттік бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелер; - бизнес, экономика; - білім беру ұйымдарындағы лауазымды тұлғалар (жалпы білім беретін оқу орнының директоры , оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары және т. б.) - білім беру ұйымдарындағы әдіскер; - педагогика ғылымдарының маманы;
-
Кәсіби қызмет нысаны- жалпы білім беретін орта мектептер, лицейлер, гимназиялар колледждер; - экологиялық-биологиялық орталықтар, агробиостанциялар; - жоғары оқу орындары; - әкімдіктер жанындағы білім бөлімдері; - ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар; - мемлекеттік табиғат қорғау мекемелері - қорықтар, ұлттық парктер мен ботаникалық бақтар; - жануарлардан және өсімдіктерден алынатын шикізатты қайта өңдеу бойынша өндірістік зертханалар мен фермерлік шаруашылықтар; - қалалық және табиғи аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруды ұйымдастыру; - экология комитеті.
-
Кәсіби қызмет түрлеріБілім беру (педагогикалық) қызметі: әр түрлі оқу орындарында (мектептер, гимназиялар, лицей, колледждер және т. б.) биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеу.); Ғылыми-зерттеу қызметі: әр түрлі ұйымдарда: зертханаларда, биоорталықтарда, хайуанаттар парктерінде, қорықтарда, ұлттық парктерде, ботаникалық бақтарда бейінді пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау; Жобалау қызметі: жобалау алдындағы және конструкторлық ұйымдардың жалпы және мамандандырылған әзірлемелерін орындау (көгалдандыру, суландыру, реконструкциялау, ландшафттарды жоспарлау); Өндірістік-басқару қызметі: әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім бөлімдері, әкімдіктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т. б.); Ұйымдастыру-технологиялық қызметі: биологиялық бейіндегі өндірістерде (санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, өсімдік және мал өнімдерін өңдеу өндірісі және т. б.).