Білім беру бағдарламалары
7M01504 - Химия
М013 Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе
Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы 7М01504- Химия білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді дайындайды. "Химия" білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді даярлау екі жылдан кем емес оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жоғары білім беру бағдарламасының базасында күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін "Химия" білім беру бағдарламасының түлектеріне педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
Мақсаты
Білім беру аймағындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне бағытталған аталған білім беру бағдараламасындағы құзырлықтарға сәйкес жоғары білікті маман даярлау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    7М01504- Химия білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
     ЖОО мен колледждерде химия пәнінің оқытушысы  білім беру ұйымдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде лаборант  оқу шебері  білім беру ұйымдарындағы лауазымды тұлғалар (жалпы білім беретін оқу орнының директоры , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және т. б.))  білім беру ұйымдарындағы әдіскер;  педагогика ғылымдары саласындағы маман;  ғылыми-зерттеу мекемелерінде маман
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    7
  • Кәсіби қызмет саласы
     ғылыми-зерттеу мекемелері;  орта мектептер, орта кәсіптік оқу орындары;  білім басқармасының мемлекеттік органдары;  өз жұмысында химияны оқыту әдістерін пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар
  • Кәсіби қызмет нысаны
     Химия сабағында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану;  педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;  жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу;  ұйымдастырушылық-басқарушылық;  әлеуметтік-педагогикалық;  оқу-тәрбие.
  • Кәсіби қызмет түрлері
     Химия сабағында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану;  педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;  жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу;  ұйымдастырушылық-басқарушылық;  әлеуметтік-педагогикалық;  оқу-тәрбие.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1. Социолингвистикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.

Модуль 2. Қолданбалы химия

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Химияны оқыту процесінде күнделікті кәсіби қызметте заманауи педагогикалық технологияларды қолданады. Зерттеу қызметі барысында туындайтын мәселелерді шешеді; бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларына диагностика жүргізеді; зерттеу әдістерін таңдайды, қолданылатын әдістерді түрлендіреді және зерттеу міндеттеріне сүйене отырып жаңа әдістемелерді әзірлейді.

Модуль 3. Химиялық пәндерді оқытудың әдістемелік аспектілері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін және оның даму перспективаларын шешеді; ЖОО – да тиімді технологияларды қолдану мәселелерін қарастырады; өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу, нәтижелерді бағалайды. ЖОО-да оқыту әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастырады. Оқу-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы ақпарат құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың қазіргі заманғы және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын, білім беру ресурстарын әзірлеу және қолданады.

Модуль 4. Дидактикалық мониторинг

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жалпы білім беретін мекемелерде қолданатын әртүрлі білім беру технологияларында бағалау критерийлер жүйесін құрастырады. Химия пәндерінің жоғары оқу орыны бағдарламасының барлық сұрақтары бойынша оқу материалын күнделікті кәсіби іс-әрекет үшін байланыстырады.