Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілікПедагогикалық ғылымдар магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміҒылыми қызметкер, педагогикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің ғылыми тобының жетекшісі; жоғары оқу орнының, орта кәсіптік оқу орындарының оқытушысы, мемлекеттік білім беру қызметтерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің жетекшісі.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласыҒылыми-зерттеу ұйымдары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, ұлттық парктер мен қорықтар.
-
Кәсіби қызмет нысаныҒылыми-зерттеу институттары, сондай-ақ педагогикалық бейіндегі институттар, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындары.
-
Кәсіби қызмет түрлеріБілім беру (педагогикалық), мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарындағы биология оқытушысы; білім беру және ғылым саласындағы жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Кәсіби міндеттерді шешу, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және стратегияларды таңдау кезінде әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдарды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ғылыми ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру. Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдарды ескере отырып, жаратылыстану-ғылыми бағытындағы озық білімге негізделген қазіргі заманғы биологиялық ғылымның негізгі бөлімдерін білу мен түсінуді көрсету. Этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды және қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби қызметті ұйымдастыруда және көп мәдени ортада кешенді тәсілді қолданаду.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Заңдылықтарды, фактілерді талдау, теориялық қорытындыларды құру, оларды ғылыми эксперимент жүргізу кезінде ескеру. Негізгі биологиялық заңдардың, теориялардың, құбылыстардың, тіршілік әрекеттерін реттеудің механизмдерінің білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, ғылыми ұстанымды тұжырымдау және дәлелдеу және іргелі және қолданбалы биология проблемаларын шешу. Биология және басқа да жаратылыстану ғылымдары саласындағы құбылыстарды немесе оқиғаларды жүйелі түсіндіру, болжамдар, өнімді жасау кезінде оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Заңдылықтарды, фактілерді талдау, теориялық қорытындыларды құру, оларды ғылыми эксперимент жүргізу кезінде ескеру. Негізгі биологиялық заңдардың, теориялардың, құбылыстардың, тіршілік әрекеттерін реттеудің механизмдерінің білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, ғылыми ұстанымды тұжырымдау және дәлелдеу және іргелі және қолданбалы биология проблемаларын шешу. Биология және басқа да жаратылыстану ғылымдары саласындағы құбылыстарды немесе оқиғаларды жүйелі түсіндіру, болжамдар, өнімді жасау кезінде оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Табиғатты қорғау қағидаттарын ескере отырып, сабақтас биологиялық және басқа да жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша білімді біріктіре отырып, проблемаларды шешуде кешенді тәсілді қолдану. Биологиялық өндірістер, мониторинг және табиғи ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, биоресурстарды қалпына келтіру және қорғау саласында басқару әдістерін практикада қолдану. Қазақстандық флора мен фауна өкілдерінің таксономиясын, флора мен фауна түрлік құрамының өзгеру себептерін анықтау. Негізгі таксондар өкілдерінің географиялық таралуын және экологиясын талдау; өсімдіктерді интродукциялау әдістемесін, дендрохронологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесін қолдану.