Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік7М01506 -География білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі- Жоғары және орта оқу орындарында география пәнінің оқытушысы; - Білім беру ұйымдарында әдіскер; - Ғылыми-зерттеу мекемесінің қызметкері; - Педагогикалық ғылымдар саласындағы маман; - Білім басқармасының мемлекеттік органдары; - Өз жұмысында географияны оқыту әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысандарын ұйымдастыру.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласы- Географиялық ғылымдар саласындағы білімді пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет салаларындағы кешенді міндеттерді шешу - Зерттеу экспедицияларын, туристік экскурсияларды ұйымдастыру және қатысу;
-
Кәсіби қызмет нысаны* ғылыми-зерттеу институттары; * тарихи-өлкетану мұражайлары; * мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындары, колледждер, гимназиялар; * білім беру саласындағы мемлекеттік басқару органдары; * Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары.
-
Кәсіби қызмет түрлері• ғылыми-зерттеу; * білім беру (педагогикалық); * ғылыми-технологиялық; * әдістемелік; * ұйымдастырушылық-басқарушылық;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Жаңартылған білім беру мазмұнының ережелері мен тәсілдерін, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру дағдыларын дамыту. Зерттеулер мен эксперименттер жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Өлкетану білімін аймақтың қоршаған ортасы мен экономикасындағы әртүрлі үдерістерді түсіндіру және бағалауда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты тиімді пайдалану негізінде жатқан жалпы жүйелік заңдар мен қағидаларды тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Қазіргі географиялық құбылыстар мен үдерістердің өзектілігі мен мәселелерін анықтау дағдыларын дамыту. Географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) құру және пайдалану әдістерін меңгеру. Алған білімдері мен географиялық зерттеулері негізінде аудандастыру бойынша әдістемелік және практикалық дағдыларды дамыту.