Білім беру бағдарламалары
6B01517 - Биология (IP)
B013 Биология мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
Бұл "Биология" білім беру бағдарламасы (ББ) әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл ұлттық білім беру бағдарламасы болғандықтан, ондағы сипаттамалық мәтіндер нақты ақпарат бермейді, бірақ жалпы педагогикалық принциптер мен тақырыптарды қамтиды (сонымен қатар 1-қосымшаны қараңыз.). Неғұрлым егжей-тегжейлі сипаттамалар, мысалы, әдіснамалар мен бағалау институционалдық және өңірлік жағдайларды ескере отырып, жоғары оқу орындарын іске асыру жоспарларында айқындалатын болады. Білім беру бағдарламасы инновациялық технологияларды, соның ішінде STEM -, CLIL -, IT-технологияларды кәсіби қызметте пайдалануға қабілетті білікті биология мұғалімін даярлауға бағытталған. Түлектер тұжырымдамалық-теориялық білім, ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды ғылымда қолдану саласында педагогикалық және пәндік құзыреттерге ие.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады.
4 жыл
Мақсаты
Кәсіби қызметінде инновациялық технологияларды, оның ішінде STEM-, CLIL-, IT-технологияларын қолдана алатын, тұжырымдамалық және теориялық білім саласында, ғылыми зерттеулер жүргізуде және ғылымда оларды қолдануда педагогикалық және пәндік құзыреттіліктерге ие білікті биология мұғалімін дайындау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6В01517- Биология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Педагог. Орта мектеп мұғалімі
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    - орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология мұғалімі; - білім бөлімдері, әкімдіктер, көгалдандыру, экология жөніндегі ұйымдар; - ғылым-әртүрлі биологиялық бейіндер бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары; - өз жұмысында биология әдістерін қолданатын әртүрлі меншік түріндегі ұйымдар; - мемлекеттік бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелер; - бизнес, экономика; - білім беру ұйымдарындағы лауазымды тұлғалар (жалпы білім беретін оқу орнының директоры , оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары және т. б.) - білім беру ұйымдарындағы әдіскер; - педагогика ғылымдарының маманы;
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - жалпы білім беретін орта мектептер, лицейлер, гимназиялар колледждер; - экологиялық-биологиялық орталықтар, агробиостанциялар; - жоғары оқу орындары; - әкімдіктер жанындағы білім бөлімдері; - ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар; - мемлекеттік табиғат қорғау мекемелері - қорықтар, ұлттық парктер мен ботаникалық бақтар; - жануарлардан және өсімдіктерден алынатын шикізатты қайта өңдеу бойынша өндірістік зертханалар мен фермерлік шаруашылықтар; - қалалық және табиғи аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруды ұйымдастыру; - экология комитеті.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    Білім беру (педагогикалық) қызметі: әр түрлі оқу орындарында (мектептер, гимназиялар, лицей, колледждер және т. б.) биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеу.); Ғылыми-зерттеу қызметі: әр түрлі ұйымдарда: зертханаларда, биоорталықтарда, хайуанаттар парктерінде, қорықтарда, ұлттық парктерде, ботаникалық бақтарда бейінді пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау; Жобалау қызметі: жобалау алдындағы және конструкторлық ұйымдардың жалпы және мамандандырылған әзірлемелерін орындау (көгалдандыру, суландыру, реконструкциялау, ландшафттарды жоспарлау); Өндірістік-басқару қызметі: әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім бөлімдері, әкімдіктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т. б.); Ұйымдастыру-технологиялық қызметі: биологиялық бейіндегі өндірістерде (санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, өсімдік және мал өнімдерін өңдеу өндірісі және т. б.).
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Жалпы білімдік

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- қоғамдағы әлеуметтік және мәдени өзгерістерді терең түсініп, сыни тұрғыдан бағалай алатын кең ғылыми дүниетанымды меңгереді. - шет тілін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және мемлекеттік тілді кәсіби қарым-қатынас пен білім алу процесінде қолдана алады.

Әлеуметтік-саяси білім модулі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- қоғамның саяси ұйымдасуын, ішкі саясаты мен халықаралық қатынастардың негіздерін, сондай-ақ әлеуметтік жүйелердің дамуын түсінеді. - социология, саясаттану, мәдениеттану және психология салаларындағы білімін қазіргі қоғамдық үрдістерді талдау үшін қолдана алады.

Қоғамдық даму негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- мәдениет ұғымын, оның типологиясын, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды, адам мен қоғам арасындағы өзара байланысты түсінеді. - құқық негіздері, өмір қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар салаларында базалық білімге ие.

Білім алушыларды тұлға ретінде қолдау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- білім алушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық дамуын ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай жасай алады. - инклюзивті білім беру, коммуникация және оқыту процесін дараландыру әдістерін меңгереді.

Мұғалім оқытудың фасилитаторы ретінде

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- топта өз бетінше және саналы оқуға жағдай жасайтын, ынтымақтастық пен белсенділікке негізделген оқытуда мұғалімнің рөлін түсінеді. - педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеріп, әртүрлі оқыту ресурстары мен тәсілдерін тиімді қолдана алады.

Тірі организмдердің биологиясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- тірі ағзалар мен олардың қауымдастықтарының құрылымы, қызметі, дамуы және тірі және өлі табиғатпен байланысын түсінеді. - өсімдіктер, жануарлар және адамның анатомиясы мен физиологиясы туралы білімді меңгереді.

Генетика және эволюция

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- тірі материяның тарихи дамуының себептері мен заңдылықтарын, сондай-ақ биологиялық көзқарастағы эволюциялық процестердің рөлін түсінеді. - генетика, тұқымқуалаушылық, молекулалық биология және антропогенез саласындағы білімді меңгереді.

Биопедагогика және қоршаған орта

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- тұлға қалыптастыру үдерісіндегі тіршілік процестерінің динамикасын зерттейді және педагогикалық процесті басқару үшін биологиялық функцияларды өлшеу әдістерін қолдана алады. - биогеоценология, экология, Қазақстан биоәртүрлілігі және дүниежүзілік флора мен фауна туралы білімге ие.

Қолданбалы және интеграцияланған ғылымдар

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- іргелі зерттеу принциптеріне негізделген нақты практикалық мәселелерді шешуге бағытталған тиімді білімді қолдана алады. - химия, биохимия, биофизика, биоинформатика, микробиология және биотехнология салаларында пәнаралық тәсілдерді меңгереді.

Биологиядағы зерттеулер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- биологиялық ұстанымдарды терең меңгереді және мектепте биологияны концептуалды түрде оқытуға дайындалады. - зерттеу жүргізу, жобалық жұмыс, биологиялық эксперимент және STEM-білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

Оқыту және білім беруге бағалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

- қазіргі ғылыми деректерге негізделген оқыту әдістері мен технологияларын меңгереді. - оқушыны дамытуға бағытталған бағалау әдістерін және білім беру үдерісін жетілдіруге арналған зерттеу мен инновацияларды қолдана алады.