
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ "ALMA MATER КІТАП СЫЙЛА!" АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
2023-04-24 | Жаңалықтар
Шәкәрім университетінде "Alma mater кітап сыйла!" акциясы өтуде. Жаратылыстану-математика факультеті акцияға белсенді қатысып, №3 оқу ғимаратының Ғылыми кітапханасына 50-ден астам кітап сыйлады. Олардың қатарында факультетіміздің білім беру бағдарламалары бойынша профессорлық-оқытушылық құрам дайындаған оқу-әдістемелік мен ғылыми басылымдар және көркем әдебиеттер де бар.
Әріптестер мен білім алушыларды акцияға қатысуға шақырамыз.