• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2025-04-17 | Жаңалықтар

Бүгін университетіміз Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген қонақтарды үлкен қуанышпен қарсы алды!

Біздің оқу орнымызға құрметті Шахмурова Гүлнара Абдуллаевна келді — Жаратылыстану факультетінің зоология және анатомия кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 38 жылдан астам уақытын ғылым мен білімге арнап келе жатқан нағыз кәсібилік пен адалдықтың үлгісі.

📚 Сонымен қатар, университетімізге алты студент:
🌍 1 студент – 6В01512-“География-Тарих” білім беру бағдарламасы бойынша
🧪 2 студент – 6В01509-“Химия-Биология” білім беру бағдарламасы бойынша
🧬 3 студент – 6В01510-“Биология” білім беру бағдарламасы бойынша келді

Алдағы екі апта ішінде қонақтар университет өміріне белсенді қатысады:
🔹 Студенттер мен оқытушылармен тәжірибе алмасады
🔹 Өздерінің дәрістері мен ғылыми талқылауларын өткізеді
🔹 Біздің оқытушылардың дәрістеріне және семинарларына қатысады

Бұл – екі жақтың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, халықаралық байланыстарды нығайтатын тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында университетіміздің тарихымен танысу, мұражайларға бару және Семей қаласы бойынша шолу экскурсиялары жоспарланған. Қонақтар қаланың көрікті орындарын көріп, аймақтың мәдени және тарихи мұрасымен таныса алады.

Біз делегацияны қонақжайлылықпен қарсы алып, оларды кафедрамызбен, оқытушылармен және университет инфрақұрылымымен таныстырдық. Бұл ынтымақтастық екі жаққа да жаңа білім, идеялар мен шабыт сыйлайтынына сенімдіміз!

Бөлісу

@livewireScript