Білім беру бағдарламалары
6B01401 - Дене шынықтыру және спорт
B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді
Кіріспе
2022 жыл - 21 орын
2023 жыл - 14 орын
2024 жыл- 9 орын
«Жаратылыстану-математика» факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында 6В01401«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге білім беріледі. Аталған білім беру бағдарламасы өңірдегі еңбек нарығы сұраныстары, жұмыс беруші ұсыныстары, басқада салаларда қолдану мүмкіндіктері және нормативтік құжаттардың талаптары есепке алынып әзірленді және білім беру үдерісін ұйымдастыруда негізгі құжаттардың бірі болып келеді.
6В01401«Дене шынықтыру және спорт»білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлау күндізгі нысан бойнша оқыту жалпы орта білім беру негізінде, қашықтықтан білім беру технологиялары нысаны бойынша- арнайы-орта және жоғарғы білім деңгейі негізінде жүргізіледі. Даярлау мерзімі күндізгі нысан бойнша – 4 жыл, қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша - 3 және 2 жыл.
6В01401«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері және көзге түсер ерекшелігі мен бірегейлігіне:
Өңірде әліде жоғарғы білімі бар мамандарының жетіспеушілігі;
Мемлекет тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 90% жұмыспен қамтылған;
Ғылымидәрежесіменатағыбарокытушыларштаттағылардың 50% құрайды;
Сабақ барысында оқытушылар оқытудың инновациялық әдістерін қолдануы;
Спорттыққұрал-саймандармен, жабдықтарментолыққамтылғанспорттықғимараттардыңбары;
Мамандыққа қажетті ақпараттық-кітәпханалық қорының жеткілікті түрде қамтылғаны;
Алыс өнірлерден келген студентерді жатақханамен камтамасыз етілуі жатады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Білім беру және оқу-жаттығу процесі жүйесінде, ұйымдастыру мен оқытудың инновациялық әдістерін пайдалануға қабілетті, дене шынықтыру және спорт саласының құзіретті педагог-кәсіби маманын даярлдау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В01401- «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПедагог оқытушы. Орта мектеп мұғалімі.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы- дене шынықтыру мұғалімі; ғылыми мекемелер мен орта мектептер мен орта кәсіптік білім беру мекемелері; мемлекеттік органдарда; қызмет саласындағы әр түрлі формасындағы ұйымдар (жеке меншік); мемлекеттік сипаттағы кәсіпорындар мен мекемелер; білім беру ұйымдарындағы лауазымды адамдар; білім беру ұйымдарының әдіскері; педагогикалық ғылымдар саласындағы маман, ғылыми мекемелерде;
-
Кәсіби қызмет нысаныорта мектептер мен орта кәсіптік білім беру мекемелері; ғылыми -зерттеу мекемелері; мемлекеттік білім беру органдары; өз жұмысында дене шынықтыру мен сауықтыру формалары мен әдістерін қолданатын әр түрлі меншік формасындағы ұйымдар.
-
Кәсіби қызмет түрлеріМектепте дене шынықтыруды оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық іс-шараларды жүргізу; бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік технологияларды қолдану; ұйымдастыру-басқару; әлеуметтік-педагогикалық; оқыту және білім беру.