Білім беру бағдарламалары
7M01401 - Дене шынықтыру және спорт
М005 Дене шынықтыру педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 7М01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 7М01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша дайындауды жүзеге асырады.
Магистрлік бағдарлама оқу үрдісін жүзеге асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, дайындаудың берілген бағдары бойынша бітірушілердің сапасын бағалауды реттейді және құрамына оқу жоспары, оқу курстарының, пәндердің (модульдердің) жұмыс бағдарламалары және білім алушыларды даярлау сапасын қамтамасыз ететін басқа да материалдар кіреді, сондай-ақ тиісті білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін практика бағдарламалары, күнтізбелік оқу кестесі мен әдістемелік материалдар кіреді.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл.
Мақсаты
Дене шынықтыру мен спорттың өзекті бағыттары бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте өзін-өзі дамытуға және іске асыруға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік7М01401– Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПедагогикалық ғылымдар магистрі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-о-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, 2011 жылғы 09 маусымдағы № 241 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № , 27 желтоқсан 2013 № 512.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласыКәсіби қызмет саласы 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен мұғалімдерді дайындау: Ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде: * ғылыми-педагогикалық; • ғылыми-зерттеу; * білім беру-педагогикалық; * ұйымдастырушылық-педагогикалық.
-
Кәсіби қызмет нысаныКәсіби қызмет объектісі 7M014 магистрдің кәсіби қызметінің объектілері жалпы дамудың пәндік мамандандыруы мен мұғалімдерді дайындау болып табылады: Ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде: - жоғары оқу орындары; - команда жаттықтырушысы (таңдап алған спорт түрінен) ; - орта мектептер және арнайы оқу орындары; - ғылыми-зерттеу институттары; - ДШ ж/е С-тың ғылыми-зерттеу зертханаларда
-
Кәсіби қызмет түрлеріКәсіби қызмет түрлері 7M014 мамандығы бойынша Магистр жалпы дамудың пәндік мамандандыруы мен мұғалімдерді дайындау кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыра алады: Ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде: - ғылыми-педагогикалық; - ғылыми-зерттеу; - білім беру-педагогикалық; - ұйымдастырушылық-педагогикалық.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1. Социолингвистикалық және басқару қызметі
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль 2. Кәсіби даярлық
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Практикалық қызмет арқылы кәсіби құзыреттерді қалыптастырады, кәсіби ортадағы заманауи әдістер мен технологияларды меңгереді, дербес және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытады.