Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В01406 Дене шынықтыру және спорт / Спорт және рекреация менеджері
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміОрта және арнайы білім беретін мекемелерде дене шынықтыру мұғалімі; Таңдап алған спорт түрінен жаттықтырушы; Кәсіп орындарында спорт инструкторы; Спорт түрлерінен төреші; Мемлекеттік ұйымдарда спорт жұмыстарының жетекшісі; Спорт менеджер; Емдік дене тәрбиесінің инструкторы; Бұқараның денсаулығын арттыру жұмыстарын ұйымдастырушы; Ғылыми зерттеу саласының қызметкері; Емдік сауықтыру саласының қызметкері;
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы- дене шынықтыру мұғалімі; ғылыми мекемелер мен орта мектептер мен орта кәсіптік білім беру мекемелері; мемлекеттік органдарда; қызмет саласындағы әр түрлі формасындағы ұйымдар (жеке меншік); мемлекеттік сипаттағы кәсіпорындар мен мекемелер; білім беру ұйымдарындағы лауазымды адамдар; білім беру ұйымдарының әдіскері; педагогикалық ғылымдар саласындағы маман, ғылыми мекемелерде; - дене шынықтыру және спорт саласында жетекшілік қызмет; спорт мектептерінде, арнайы денесаулықты жақсарту ұйымдарында менеджер; спорт мерекелерін ұйымдастырушы-әдіскер; демалыс орындарында, су бассейндерінде, спорт саласынан мемлекеттік органдарда жетекші; сауықтыру қызметі; кәсіби спорт менеджері; спорт ғимараттары мен спорттық-сауықтыру іс-шараларын басқару, спорт нысандарының қызметін ұйымдастыру, қоғаммен байланыс, халықтың әртүрлі топтары үшін демалыс және анимация, әлеуметтану бөлімінің менеджері
-
Кәсіби қызмет нысаныорта мектептер мен орта кәсіптік білім беру мекемелері; ғылыми -зерттеу мекемелері; мемлекеттік білім беру органдары; өз жұмысында дене шынықтыру мен сауықтыру формалары мен әдістерін қолданатын әр түрлі меншік формасындағы ұйымдар. - сауықтыру мекемелері; әр түрлі дегейдегі спорт мерекелерінде; спорт мектептерінде, су базаларында; спорт және дене шынықтыру мемлекеттік мекемелерінде; спорт және аула клубтарында; денсаулықты жақсарту және қалпына келтіру орталықтарында; кәсіби спорт базаларында; саяхат клубтарында.
-
Кәсіби қызмет түрлеріМектепте дене шынықтыруды оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық іс-шараларды жүргізу; бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік технологияларды қолдану; ұйымдастыру-басқару; әлеуметтік-педагогикалық; оқыту және білім беру. - Денсаулықты арттыру және спорт саласының заманауй технологияларын игеру; мемлекеттік мекемелердегі спорт жұмыстарын басқару, жетекшілік ету; ұлт денсаулығын жақсартудың тың жолдарын іске асыру; әр деңгейдегі спорт мерекелеріне жетекшілік ету, ұйымдастыр; спорт, аула және саяхат клубтарына жетекшілік ету; еліміздегі кәсіби спорттың деңгейін көтеру; ұлтымызды дене шынықтыру және спорт шараларымен толық қамтуға ұмтылу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Педагогикалық және психологиялық қызметтің негіздерін меңгереді, жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып әдістемелер әзірлейді, оқыту мен тәрбиелеуге заманауи тәсілдерді қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғылыми зерттеулер жүргізудің теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгереді. Ақпаратты жинау, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамытады. Ғылыми жобалар дайындау және нәтижелерін рәсімдеу қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Спорттық жаттығу теориясы мен әдістемесінің негіздерін меңгереді. Жаттығу үдерісін жоспарлау, бақылау және талдау дағдыларын дамытады. Жеке және командалық спорт түрлерінде тиімді жаттықтыру әдістерін қолдануды үйренеді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Практикалық ортада кәсіби дағдыларды қолданады және жетілдіреді. Әртүрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Кәсіби жағдайда туындайтын мәселелерді шешу қабілетін дамытады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Рекреациялық қозғалыс түрлерінің маңызын түсінеді және оларды қолдану дағдыларын меңгереді. Денсаулықты нығайту мен өмір сапасын арттыруда қозғалыс белсенділігінің рөлін бағалайды. Спорттық-сауықтыру бағдарламаларын құрастырып, жүзеге асыра алады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Спортты ұйымдастырудың теориялық негіздерін меңгереді. Спорт мекемелеріндегі басқару құрылымдары мен үрдістерін түсінеді. Спорт саласындағы ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын дамытады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әртүрлі спорт түрлерінің ерекшеліктерін және әдістемелік негіздерін меңгереді. Әр бағытқа сәйкес жаттықтыру және жарыс өткізу тәсілдерін қолданады. Спорттық бағыттарды кәсіби деңгейде талдай алады.